Алексей Цой жалақысы қанша екенін айтты
Алексей Цой жалақысы қанша екенін айтты
Фото: total.kz
236
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс кулуарында журналистерге ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын ашып айтты.
"Бұл стандарт қой. Біз әріптестермен шамамен 900 мың теңге аламыз", — деді Денсаулық сақтау министрі.
Алексей Цой сонымен бірге отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.
"Біздің отбасымызда бес адам. Орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге шығады. Кейде отбасылық мереке немесе тағы басқа шара болып қалады. Сондықтан бұл жерде аптаға байланысты. Біз де сіздер сияқты адамбыз, дүкенге барамыз. Сол себепті бұл қалыпты жағдай", – деді ол.
Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысына қатысты сұраққа жауап бергенін жазған болатынбыз.