Петропавлда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті
Петропавлда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті
Фото: Zakon.kz
140
оқылды

Петропавлда жол қиылысында қоғамдық көлік екі адамды қағып кетті. Олардың бірі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.
«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.