Петропавлда жол қиылысында қоғамдық көлік екі адамды қағып кетті. Олардың бірі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.