Түркістан облысында той өткізгендерге айыппұл салынды
Түркістан облысында той өткізгендерге айыппұл салынды
129
оқылды
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан асырмай отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген. Дегенмен, бұл шектеулерге қарамастан өңір тұрғындарының көпшілігі қонақтар санына қатысты шектеуді елемей, мерекелік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда. Мобильді топ мүшелері СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұл салды. Жалпы облыста карантин талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін 120 мониторингілік топ жұмыс жасауда. Жыл басынан бері бүгінге дейін 4 711 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 427 000 көлемінде айыпұл салынған.