Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
229
оқылды
Алматыда дауылды ескерту жарияланды, қалада көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктердің мәліметінше, 9 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт болады. Сонымен қатар, түнде және таңертең қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3 градус және -5 градус аяз, ал күндіз -1 градус аяз және +1 градус жылу болады.
"10 желтоқсанда көшпелі бұлт болғанымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 және -8 градус аязды, күндіз -1 градус және -3 градус аязды көрсетеді. 11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 градус және -8 градус аяз, күндіз +3 және +5 градус жылы болады", - деп хабарлады мамандар.
Төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескертіп, жүргізушілер мен қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.