Атырауда эпилепсия мен шизофренияға шалдыққандарға да жүргізуші куәлігі берілген
Атырауда эпилепсия мен шизофренияға шалдыққандарға да жүргізуші куәлігі берілген
Фото: news.myseldon.com
220
оқылды

Атырауда эпилепсия мен шизофренияға шалдыққан 30 адамға жүргізуші куәлігі берілген. Алайда тексеру жүргізген құзырлы органдар 30 адам да куәлікті алған соң ауруға шалдыққан деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Бердібек Жоланов: «Олар алған тұста медициналық диспансерде тіркеуде болмаған. Яғни, көлік басқару құқығы ҚР азаматына 10 жылға беріледі. Он жылдың ішінде есепке тұрған жағдайда ғана. Бізде мониторинг жүргізіліп отырады. Ал олар жүргізуші куәлігін алғаннан кейін барып тұрған. Яғни көлік басқару құқығын алу барысында бұл кісілер есепте болмаған», – дейді.
Ақыл-есінде ауытқуы бар 17 азамат сот үкіміне сай енді көлік тізгініне мүлде отыра  амайды. Қалған 13-ін  тексеріп дәрігерлердің қатаң бақылуына жіберген. Аталған 30 азамат та көлікті жүргізе отырып адам өміріне қауіп төндірген, жол ережелерін өресел бұзған. Тіпті біреуі жол апатын жасап адам өліміне себепкер болыпты. Заң бойынша эпилепсия мен шизофренияға шалдыққандарға жүргізуші куәлігі берілмейді. Тіпті ауруынан айыққан күннің өзінде көлік жүргізу олар үшін қиын. Ал жүргізуші куәлігін беретін мекеме басшылығы біз тек алдымызға келген медициналық анықтамаға сенеміз деп ақталды.

Атырау қаласы мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы Бақыт Бейбітұлы: «Біз өз еркімізбен үміткерлерді тексеріп немесе басқадай қызмет атқара алмаймыз. Қазір жасап жатқан ықпалдастық ақпараттық жүйеміз бар. Ол денсаулық сақтау басқармасымен біріккен. Егер жүйеде қандай да бір бұзушылық тіркелген жағдайда анықтай аламыз. Кейбір үміткерлеріміз бар, тіркелмеген жағдай болса, біз ондайды деректер базасынан көре алмаймыз», – дейді.

Бұған дейін жүргізуші куәлігін сатқандар туралы жазған болатынбыз.