Еуропаға баруға ақша тапқан адам вакцина сатып алуға да табатын шығар – министрдің жауабы

Еуропаға баруға ақша тапқан адам вакцина сатып алуға да табатын шығар – министрдің жауабы

Еуропаға баруға ақшаңыз болса, демек вакцина сатып алуға да қаржы табылады. Денсаулық сақтау министрінің Pfizer-ді тегін салдырғысы келетіндерге берген жауабы осы, – деп хабарлайды AstanaTV.

Министрдің айтуынша, шетелге баратын адамдар екпені денсаулығы үшін емес, шетелге қыдыру үшін амалсыздан алады. Алайда, коронавирусқа қарсы бұл препараттың құны туралы Алексей Цой жарытып ештеңе айтпады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Бізде басқа да вакциналар бар. Бәрі де сапалы. Оның барлығы індеттен қорғауға қауқары жетеді. Мен мәселен QazVak-ты салдырдым. Онда тұрған ештеңе жоқ, бәрі тиімді. Көріп отырсыздар Дельта штамына да тиімді. Бірақ, халық айналып келіп брендтегі вакциналарға жабысады», – дейді.

Бүгінде Ресейде COVID-19-дың Omicron штамы анықталды. Министрдың аутуынша, әзірше шекараны жабу жоспарда жоқ.