Алматы қаласында 60 жастағы әйелді автобус қағып кетті

Алматы қаласында 60 жастағы әйелді автобус қағып кетті

Алматыда 60 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 06:10 шамасында Б.Момышұлы көшесінің бойында болған.

«Saz HC 40» маркалы автобус жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, №65 үйге қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 1961 жылы туған әйелді қағып кетті. М. есімді әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», – деді полицей.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалды.