Зейнетақы жинағы: Сенат депутаты бағдарламаға халықтың сенімі жоғалатынын айтты
Зейнетақы жинағы: Сенат депутаты бағдарламаға халықтың сенімі жоғалатынын айтты
Фото: avtoradio.kz
137
оқылды

Сенатор зейнетақы жинағындағы жеткілікті шектен асқан қаржыны шешіп алу қоғамды қызу талқыланып жатқанына да тоқталды.

«Енді өз зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалана алатын БЖЗҚ салымшыларының саны күрт қысқаруы мүмкін. Егер 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан астам Қазақстан азаматы болса, 2022 жылғы шекті қайта есептеуге байланысты бұл сан түбегейлі өзгереді. Жеткілікті шектегі жасы келген қатысушылар үшін 63%-дан ең жас қатысушылар үшін 82%-ға дейін өседі деп күтілуде. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімге нұқсан келтіреді», – деді сенатор Нұрлан Қылышбаев.

Сенатор осыған мәселеге қатысты зейнетақының жеткілікті шегінен асқан қаражатты есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізуді сұрады.