Арзан бағаға жиһаз жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Арзан бағаға жиһаз жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
245
оқылды
29 жастағы Алматы облысының тумасы Алматы қаласының бірнеше тұрғынын арзан бағаға жиһаз жасап беремін деп алдап, бірнеше миллион теңгелерін иемденіп кеткен. Қазіргі уақытта Алатау аудандық Полиция басқармасы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Ер адам Instagram әлеуметтік желісінде арнайы парқша ашқан. Ол жерге жиһаз өндірісіндегі басқа адамдардың суреттерін салып бұл жұмыстарды өзінікі ретінде ұсынып, жиһазды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға жасап беретіндігін айтқан. Осы хабарландыру бойынша хабарласқан клиенттердің қоңырауы бойынша алдын-ала жиһаздың өлшемін алуға барған. Сол жерде жалған келісім шарт жасап, жүз пайыз алдын ала төлем алып отырған. Жедел іс-шаралардың арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Істі қарау барысында күдікті кем дегенде 14 эпизод жасағаны анықталып отыр. Зардап шеккендердің тізімі бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.