Қазақстанда блокчейн-технологиялар туралы тұңғыш ресми форум өтіп жатыр
Қазақстанда блокчейн-технологиялар туралы тұңғыш ресми форум өтіп жатыр
225
оқылды
Елордада блокчейн-технологиялар туралы Kazakhstan Blockchain Day тұңғыш форумы өтіп жатыр. Іс-шара Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы (ҚБТҚ) бастамасымен Astana Hub, «MOST» Бизнес Инкубаторы және Paxaro криптовалюталық активтерді басқару платформасының серіктестігімен ұйымдастырылды.   Форум жұмысына қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, венчурлық инвесторлар, сарапшылар және блокчейн-технологиялар саласындағы стартаптар қатысты. Алаңда индустрия кәсіпқойлары және алғаш қадамдар жасап жатқан адамдар бас қосты.  width= Кіріспе сөзбен Цифрлық даму, инновацияар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбек және Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы Исламбек Төлеубайұлы Салжанов сөйледі.   Блокчейн-техологиялардың келешек дамуы бойынша жоспармен белгілі шетелдік спикерлер бөлісті. Олардың ішінде Ethereum Foundation кеңесшісі Владислав Мартынов, РФ Жоғары экономикалық мектебіндегі оқытушы және блокчейн-евангелист Денис Смирнов және т.б бар.  width= Форум барысында Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Сапар Ахметов блокчейн-технологиялардың маңыздылығын атап өтті.
«Біз блокчейн-технологияларға негізделген жобалардың болашақты оң бағытта өзгертіп, азаматтар үшін ашықтық, әділдік және теңдікті қамтамасыз етеді деп кәміл сенеміз. Қазақстан қазір әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарға шығып, оны жоғалтпауы тиіс. Сондықтан да біз отандық әзірлеушілерді қолдап, оларға өз өнімдерін жетілдіруге, одан әрі әлемге жылжытуға көмектескіміз келеді», - деді ол.
 
«Astana Hub - IT-таланттар, жаңа технологиялар мен инновациялар шоғырланатын жер. Ірі компаниялар мен стартаптар тарапынан блокчейн-технологияларға  деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бұл келешегі бар салалардың бірі. Өз тарапымыздан біз осы бағытта дамып келеп жатқан IT-жобаларды қолдауға дайынбыз», - деді Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің басқарушы директоры Аркадий Селезнев
 width= 2021 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстан биткоин майнингі бойынша әлемде 2 орынды иеленіп отыр. Егер де екі жыл бұрын майнинг фермалардың саны оң бестен аспаса, қазір олардың саны 50-ге жетіп отыр. Ең ірі фермалар еліміздің солтүстік және батыс оңірлерінде орналасқан. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды мемлекеттік басқару, экономика және бизнес салаларындағы блокчейн-технологиялар дамуы үшін болашағы зор алаңға айналдыру.  width=
«Astana Hub-та Blockchain алғашқы қадамдар жасаушы адамдарды бір алаңға біріктіру – өте қажетті және орынды бастама. Біздің ел үшін бұл үкімет және бизнес арасында жақсы диалог орнатуға тамаша мүмкіндік. Казақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығынан әріптестер майнинг дамыту саласында үлкен жұмыс істеп, осы бағытта зор үлесін қосты. Менің ойымша, біз Blockchain сияқты технологиялардың тек әзірленуі емес, сонымен бірге имплементацисяында әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарға ие бола аламыз. Бұл шарада күшті спикерлер сөйлеп, болашақ әлем және оның экономикасы туралы айтады. Бұл болашақ сіз білетіннен әлдеқайда жақын» - дейді Paxaro.com криптовалюталық активтерді басқару платформасының негізін қалаушылардың бірі Андрей Коков.
  Ұйымдастырушылар өз жобаларында блокчейн-технологияларды қолданатын келешегі бар 10 қазақстандық стартапты іріктеді. Олар үшін 1 750 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры бар арнайы питч-сессия ұйымдастырылады.   Форум ұйымдастырушылардың бірі, MOST бизнес инкубаторы бас директоры және MOST Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитовтың пікірінше, Kazakhstan Blockchain Day алаңы мемлекет және блокчейн-саласына қызығушылығы бар адамдар арасында байланыс орнататын буын болады.  width=
«Біз бұл форумды серіктестермен бірге ұйымдастырып отырмыз. Себебі, біз әлемде блокчейн-технолгиялардың қарқынды дамуы және бұл нарыққа қазақстандықтардың қызығушылығын көріп отырмыз. Венчурлық қор басқарушысы ретінде осы технологияны пайдаланып, дұрыс бизнес-моделі бар стартаптар көлемді инвестициялар тарта алады деп айта аламын. Жігіттерді тыңдау үшін питч-сессияны асыға күтеміз» - деп қосты Алим Хамитов.