Маңғыстауда қатты желден 2 көлік аударылып қалды
Маңғыстауда қатты желден 2 көлік аударылып қалды
© liter.kz
126
оқылды
8 желтоқсанда Шетпе – Сай-Өтес тас жолында қатты желдің салдарынан екі көлік аударылып қалды, деп хабарлайды lada.kz.  Сағат 23:10-да «102» нөміріне Шетпе – Сай-Өтес тас жолында «Газель» маркалы екі көліктің аударылып қалғаны туралы хабар түсті.
«Оқиға орнына патрульдік полиция ротасы кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікті көтеруге трактормен көмектесті», – деді өңір полициясынан.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден қатты қажеттілік болмаса, рульге отырмауын сұрайды. Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Жетібай-Шетпе тас жолының 96-101 шақырымы аралығында шаңды дауыл салдарынан көлік кептелісі туындаған. Облыс аумағында екі күннен бері шаңды дауыл мен қатты жел соғып тұр. https://www.youtube.com/watch?v=u8Z3W0lZwPs