Алматыда отырып, бір ай көлемінде елорда пәтерлерін жалға берген алаяқ қамауға алынды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сеніп қалған астаналықтар оның өтініші бойынша электронды әмиянға кепіл ақша салып, одан кейін ғана пәтерді көруге барған. Алданғандарын кейін білген. Сөйтіп күдікті 400 000 теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, өз керегіне жұмсаған. Айта кетейік, астана аумағындағы киберқылмыстардың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында «Hi-Tech» жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер 14 киберқылмысты ашып, 5 адамды тұтқындады. Ал жалған хабарландыруға 25 елордалық алданып қалған. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.