Атырау облысының намысын қорғайтын Талғат Сырбаз еліміздің екі дүркін жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандық спортшы 70 келі салмақта топ жарды. Ол финалда ақтөбелік Амандық Бәкеевті мерзімінен бұрын жеңді. Бұл салмақта қола медальді Мейіржан Әшіров пен Родион Анчугин жеңіп алды.