Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды
Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды
135
оқылды

Елордада 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды.

Бұл туралы халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді. Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын. Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар. Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер.