Төрт теннисшіміз бақ сынайды
Төрт теннисшіміз бақ сынайды
185
оқылды
Australian Open ұйымдастыру комитеті алдағы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулығаға» қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Жарияланған қатысушылар тізімінде қазақстандық теннисшілер Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Диас бар. Турнир 2022 жылдың 17-30 қаңтар аралығында өтеді. Теннис көшбасшыларының арасында Аустралия ашық чемпионатына Серена Уильямс пен Роджер Федерер денсаулығына байланысты қатыса алмайды.

А.ЖАСАНҰЛЫ