Жыл басынан бері Ақмола облысында ішімдікке әуес 289 азамат алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Бұл ақпаратты polisia.kz сайты таратты. «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында ақмолалық полицейлер ішімдік ішкен адамдардың қылмыс жасауының алдын алуды көздеген. Сөйтіп, арақ-шарапқа үйір тұлғаларды есепке алуда. Ақмола облысы Полиция департаментінің арнайы есебінде 5 мыңнан астам маскүнем мен 478 ескірткіге тәуелді азамат тіркеліпті. Ал жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты масайған адамдар жасаған. Олардың арасында ауыр және өте ауыр қылмыс жасағандар да бар. Содан болса керек, Ақмола облыстық соты алкогольге тәуелді болып қалған 351 адамды соттаған, ал олардың 289-ы мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.