Құрама қарсыластары анықталды
Құрама қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеребе қорытындысы бойынша Франция, Шотландия және Исландиямен бірге сегізінші топқа түсті. Іріктеу матчтары 2022 жылы 30 мамырдан 14 маусым немесе 19-27 қыркүйек аралығында өтеді. Әр топта алғашқы екі орын алған құрама мен үшінші орын иегерлерінің үздіктері элиталық кезеңге жолдама алады.

Әбілмансұр ЖАСАН