Адам тағдыры Отанымен тамырлас
Адам тағдыры Отанымен тамырлас
193
оқылды
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын мұқият оқып шығып, басты месседжін анық тү­сі­несің – ең күрделі реформалардың табысы көшбасшы мен халықтың диалогіне, ағымдағы проб­лемалардың ар жағында болашақ перспек­тиваларды көре білуге, жауапкершілікті толық өзіне алу және бәрі ойдағыдай болады деп үміттендіріп қана қоймай, әрдайым, кез келген жағдайда шындықты айту қа­білетіне байланысты болады. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтармен заманауи қазақстандық мем­лекеттілікті құру мен нығайтудағы баға жетпес тәжірибесімен бө­лісіп отыр. Автордың бірегей тәжірибесі мен шыңдалған қаламы біздің жалпы та­ри­хы­мыздың динамикалық әрі қанық бейнесін көрсетеді. Тәуелсіздіктің 30 жылды­ғы – ұлы кезең, ел мен әрбір қазақстандықтың өміріндегі аса маңызды меже. Жеке өзім үшін бұл мақаланы Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан «Елдіктің жеті тұғыры» тезистері тұрғысынан қарау керек екеніне еш күмән жоқ. Елдің тәуелсіздігі көптеген ұр­пақтың еңбегімен, ауыр шығын­дарды еңсеру, өз жолын табу бағасымен қамта­масыз етіліп, қол жеткізілген. Материалдың тақырыбы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі еңбегінен алынған және бұл кездейсоқ емес. Дәл сол кезде жалпыұлттық Көшбасшы істі қолға алып, ерік-жігер таныту, біздің ойлауы­мыз бен өміріміздің өзін өзгерту қажет екенін атап көрсеткен болатын. Елбасы әрқашан көкжиек шегінен әрі қарап, болашақ жайлы жаңа жеңістердің іргетасын дәл бүгін қалай отырып ойлайды. Табысқа жету кепілі – бейбітсүйгіш халықпен, қуат­ты экономикамен, тұрақты саяси жүйемен, жоғары халық­ара­лық беделмен бірге тұрақты түрде алға басу.

Мұхтар ЕРМАН, Мәжіліс депутаты