Зейнетақы жинағын 16 желтоқсаннан бастап депозитке аударуға болады – «Отбасы банк» басшысы
Зейнетақы жинағын 16 желтоқсаннан бастап депозитке аударуға болады – «Отбасы банк» басшысы
Фото: tengrinews.kz

«Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағындағы жеткілікті шектен артық қаржыны «Отбасы банкіне» депозитке аударуға рұқсат берілетіні туралы хабарлады.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі депозитке қаржы аудару туралы бұйрықты мерзімінен бұрын даярлауды жоспарлап отыр.

«Біз депозиттерді толықтыру батырмасын биыл 16 желтоқсанда және төрт күн демалыста арнайы шоттарды ашуға, депозиттерді ашуға дайынбыз. Есепшот ашу, депозитке ақша аудару үшін банкке барудың қажеті жоқ. Біз зейнетақы төлемдерін «Отбасы банк» депозиттеріне аудара алатындай техникалық мүмкіндікті жасауға дайынбыз», – деді Ләззат Ибрагимова.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану үшін бұрынғы жеткілікті шекті қолдану мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартқан еді.