Бұл – ата-баба аңсаған азаттық
Бұл – ата-баба аңсаған азаттық
Шын мәнінде, 30 жыл бұрын тәуелсіздік алған тұста Елбасы барлық істің басында жүрді. Елба­сы­ның еңбегі 30 жылдықпен шектелген жоқ. Мақа­ла­сында ол бірнеше рет жас­тарға қарата «тәуел­сіздік оңай келген жоқ» деп айт­ты. Ең әуелі өткен ға­сыр­дың 16-жылындағы Ұлт-азаттық көтерілісті атап өтеді. Қиындықтардың қалай өткенін, ашаршылықты, Екінші дүниежүзілік соғысты ерекше атайды. Бұлар тәуелсіздік алғанға дейін қаншама адамның өмірін қиған нәубеттер. Кеңес Одағы ыдырап, біз ең соңында қалдық дейміз. Бірақ мәселе онда емес, түбегейлі олай айтуға болмас, Елбасы біраз бағдарды көрсетті. Тә­уелсіздікпен күрес Кенесары, Сырым, Есет, Жанқожа батырлардың кезеңінен басталған. Ол кезде тәуелсіздік деп айтпайтын, азат болу керек дейтін. Жалпы, қазақ сөзі азат деген мағынаны береді дейді. Кейін Алаш арыстары шықты. Бәрінің де арманы сол еді. Құдайға шүкір, Кеңес Одағы ыдырап, 30 жыл бұрын тәуел­сіздігімізді алдық. Осының бәрінде саяси күрделі оқи­ғалар болып жатты. Бір жағынан АҚШ араласып, екінші жағынан Ресейде Гор­бачев пен Ельцин ара­сында күрес жүрді. Оңай болған жоқ, халықтың құра­мы да күрделі болатын. Былай қа­расаңыз, 1991 жылы 14 желтоқсанда Кеңес Одағы жоқ, соның өзінде сол кезде Жоғарғы Кеңесте отырған де­путаттардың кей­бірі «кімнен тәуелсіздік аламыз» деп даурықты. Шын мәнінде, Қазақстанға сырттан келген­дер көп болды. 1991-1997 жылдар арасында көбі көшіп кетті. Оның ішінде Ресейден келген әскерилер, жұмыс бабымен жүргендері бар. Осындай күрделі кезеңде тәуелсіздікті ұстап қалу қиын болатын. Сондықтан Елбасы 30 жыл ішінде жүргізілген экономикалық, әлеуметтік, саяси күрестерді баяндап берсе де аздық етпес. Бұл – ата-бабалардың аңсаған кезеңі болатын.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, Мәжіліс депутаты