Мереке күндері қосымша 3 жолаушылар пойызы жолға шығады  

Мереке күндері қосымша 3 жолаушылар пойызы жолға шығады  

Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қосымша 3 жолаушы пойызы жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

1. №202/201 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері Шымкент стансасынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі. 2. №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері Алматы-1 стансасынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі. 3. №206/205 «Ақтөбе – Қызылорда» пойызы Ақтөбе стансасынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанда, кері Қызылорда стансасынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанда жөнелтіледі.

Сондай-ақ жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеледі.