Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті.
Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 0,82 тиынға өскен. Бүгін АҚШ долларының орташа бағамы 434,25 теңге болды. Ұлттық банктің 10 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 433,39 теңге. Алматыда доллар 435,95 теңгеден сатылса, сатып алу – 437,50 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар 435,90 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу құны – 436,99 теңге.Қазақстанда соңғы 2-3 күнде доллар бағамы төмендеген болатын.