Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-10.12.2021
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-10.12.2021
Фото: news.myseldon.com
181
оқылды

«Қазгидромет» 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік пен шығысқа алғашқы аяздың соңын ала солтүстік-батыстан кезекті антициклон келеді. Соның әсерінен батыс, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Шыңылтыр аяз болмаса да, түнде термометр бағаны -15-25 градусқа дейін төмендейді.

Тек оңтүстік аймақтарда күн жылы болады. Оған оңтүстік циклон әсер етеді. Жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін.