Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық тестілеу орталығы тегін онлайн сабақ өткізіп жатқанын хабарлады. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтың барлық эфирі сақталады, яғни оны талапкер кез келген уақытта көре алады. Талапкерлерге арналған онлайн сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.
"Министрлік тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп екінші жыл өткізіп отыр. Былтыр 376 сағат онлайн сабақ өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінің мектеп түлектері қатысты. Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика, химия, биология, физика, география және басқа да пәндер бойынша дайындықтан өтті. Биыл өткен жылмен салыстырғанда түлектерді қабылдау емтихандарына дайындауға қатысып жатқан білім беру орталықтары мен онлайн платформалар саны артты. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.Тегін онлайн сабақтар мына кесте бойынша өткізіледі: •Qazbilim орталығы Youtube каналында https://www.youtube.com/c/QAZBILIMTV тікелей эфирде қазақ тілінде күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша); • Educon Dostyk YouTube арнасында тікелей эфирде әр сейсенбі күні сағат 19.00-де қазақ тілінде, сағат 20.00-де орыс тілінде; • Zerdeli әр сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 20.00-де YouTube арнасында; • Sabaq online әр сенбі сайын сағат 15.00-де YouTube арнасында ; • Samga жұма күні сағат 20.00-де YouTube арнасында ; • Daryn online әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 18.00-де YouTube арнасында тікелей эфирде дайындық сабақтарын өткізеді.