Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында РФ президенті Владимир Путин интеграциялық бірлестік құруға Елбасы бастамашы болғанын атап айтты.
"...Коронавирус пандемиясына байланысты күрделі жағдайға және жаһандық нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара қатынас айтарлықтай нәтижелі болды. Біздің қазақстандық әріптеспен байланысты әрекетті тағы бір растағым келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің бірлестікті құруға бастамашы болды. Ол телефонмен хабарласып, Ресейдің жақын болашақта неге басымдық беретіні туралы бірқатар сұрақ қойғаны анық есімде. Ресей де, Қазақстан да интеграциялық бірлестік құруға басымдық береді деп келістік. Бұл туралы бұрын да айтқан болатынбыз. Оған Белоруссия мен Украина да қосылуға дайын болды. Бірақ Украина қосыла алмады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жеңіл қолының арқасында бұл процесс дами бастады, бүгінгі таңда бұл өте дұрыс болғанын түсіндік. Бұл кезең бүкіл әлемдік экономика мен біздің экономикамыз үшін де ауыр болды. Қазіргі таңда қиындықтарға қарамастан бірлескен іс-әрекеттің арқасында өзара сауда-саттықты арттыруға қол жеткіздік", – деді Путин.