Ақтауда балалар мінген автобус өртенді - видео
Ақтауда балалар мінген автобус өртенді - видео
Фото: lada.kz видеосының скриншоты
182
оқылды

Әлеуметтік желіде автобустың жол бойында өртеніп жатқан видеосы жарияланды. lada.kz-тің хабарлауынша, оқиға 9 желтоқсанда 17:20 шамасында Ақтаудағы Приморский шағынауданында болған. Куәгердің айтуынша автобус ішінде болған 30-ға жуық бала дер кезінде шығарылған.

Куәгер Руслан оқиғаның қалай болғанын lada.kz-ке айтып берген.
"Мен автобусқа жақындағанда, капотынан жалынды байқадым. Ішінде балалар болды. Қанша бала екенін нақты білмеймін, бірақ автобустың артқы жағында көп бала отырды. Жан-жақтан жиналған адамдар балаларды шығарып үлгерді. Олар қорқып қалған. Біз соңғы баланы шығарған кезде автобус толық отқа оранды", – деді куәгері Руслан.
Тағы бір куәгердің айтуынша, автобуста шамамен 30 бала болған.
"30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа ауыстырып, алып кетті. Содан кейін ата-аналар келді. Мүмкін кейбірі балаларын басқа автобусқа ауыстырғанын білмеген де шығар", – деді куәгер.
Орталық коммуникациялар қызметі өртенген автобуста ешкім зардап шекпегенін хабарлаған.
"WhatsApp-та 9 желтоқсанда балалар отырған автобустың өртенгені туралы ақпарат тарады. Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НОВОСТИ МАНГИСТАУ И АКТАУ (@ladakz)