«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-ке артады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с-ті құрайды. Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с-ке артады. Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.