«Nur Otan» партиясы депутаты 2 отбасына үй салып берді
«Nur Otan» партиясы депутаты 2 отбасына үй салып берді
209
оқылды
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы деп білеміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Шиелі ауданында қайырымдылық істерді көп жасайтын азаматтың қатарында аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Авангард» бастауыш партия ұйымының төрағасы, жомарт жүректі ел жанашыры Жұмбеков Дәулет Егембергенұлының есімін ерекше атап өткіміз келеді. Дәулет Жұмбеков «Мектепке жол» акциясы, «30 игі іс» аясында және 2020 жылы пандемия кезеңінде денсаулық сақтау саласына 500 000 (бес жүз мың) теңге қаржылай көмек, тұрмысы төмен 30 отбасына азық-түліктей материалдық көмек көрсеткен болатын. Міне бүгін халық қалаулысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақмая ауылындағы көпбалалы, тұрмысы төмен 2 бірдей отбасына 20 000 000 (жиырма млн) теңге көлемінде соғылған 2 үйдің кілтін табыстап, 2 отбасын қуанышқа бөледі.