Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 55 адам құтқарылды
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 55 адам құтқарылды
135
оқылды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 16.23-те Сәтбаев даңғылында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар екінші қабаттағы пәтердің төбесі, жеке заттар мен жиһаз жанып жатқанын көрді. «Олар 55 адамға, оның ішінде 18 балаға оттегі маскасын кигізіп, автосаты арқылы құтқарды. Олар жылы «Вахта» көлігіне орналастырылды. Пәтер иесінің 7 жасар қызы күйген аазық түлікті жеп улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген», - делінген ақпаратта. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен 12 техника жұмылдырылған.