Қостанай облысында жол апатынан екі дәрігер көз жұмды
Қостанай облысында жол апатынан екі дәрігер көз жұмды
Фото: qostanai.media
205
оқылды

Қостанай облысының Боровское ауылында Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, акушер-гинеколог Елена Комарова мен оның күйеуі, тіс дәрігері Виталий Комаров жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Qostanai.Media сайты.

Қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні Меңдіқара аудандық ауруханасының маңында болған. Ерлі-зайыптылар жұмыс орнына бара жатып, жол апатына түскен. Жантүршігерлік апатқа ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі кінәлі болған. Ол жол ережелерін сақтамай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2106 көлігімен соқтығысқан.  width=
Соққының күшті болғаны сонша, 39 жастағы жүргізуші Виталий Комаров оқиға орнында көз жұмды. Оның 41 жастағы әйелі Елена Комарова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимай көз жұмды.
Қостанай облысы ПД мәліметінше, ГАЗ-53 көлігін 19 жастағы жүргізуші басқарған.