Маңғыстауда ауыл баласы сайыстан жеңіп алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйлады
Маңғыстауда ауыл баласы сайыстан жеңіп алған 1 млн теңгесін мектебіне сыйлады
Сурет: ҚазАқпарат
165
оқылды

Маңғыстау облысының Сайөтес ауылында тұратын 4-сынып оқушысы Азамат Тоқсанбай сайыста ұтып алған 1 миллион теңгені мектебіне сыйлады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақшаны ол республикалық байқауда ағаштан жасалған санамағын ұсынып, ұтып алған болатын. Аталған жүлдені Азамат Тоқсанбай мектепке ақшалай табыстамаған. Білім беруге қажет заманауи құрал-жабдықтарды, интерактивті тақта мен гүл құмыраларын сатып алып, сыйлаған. Азамат Тоқсанбайдың бұл әрекетін ауылдастары да құптап, алғыс жаудырды. Қазір ол 4-сынып оқушысы. Сандар әлеміне төрт жастан бастап қызығушылығы оянған екен. Алғашқы санамақ құралын ол қашықтан оқыту кезінде түрлі-түсті қағаздан жасаған. Кейінірек оның материалын ағашпен алмастырған. Өзінің айтуынша, қазір оның санамақтарын 1-сынып оқушылары математика сабағында қолданып жүр.