Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Алматыда өткен бокс кешінде чемпиондық атақ үшін кездесу өтіп, онда қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) түрік Хамза Гюнешке (6-0, 4 КО) қарсы шықты, – деп хабарлайды Sports.kz. Ауыр салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Боксшылар UBO Inter-Continental чемпионы титулы үшін бақ сынасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Гюнеш бірінші раундта екі рет нокдаун алды. Осылайша, Еділ Қожамбердиев өзінің бокстағы карьерасында 11-ші рет жеңіске жетіп екінші дәрежедегі чемпиондық белдікті жеңіп алды. Ал қарсыласы Гюнеш кәсіби бокста алғаш рет жеңілді.