Жүк көлігіне тиелген 12 тонна мақта өртеніп кетті

Жүк көлігіне тиелген 12 тонна мақта өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігі 10 желтоқсанда өртенген.

"Құлсары қаласынан 80 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» тас жолының бойында шетелдік жүк көлігі өртенгені туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «DAF» жүк көлігінің тіркемесі өртенгені анықталды. Тіркеме тиелген 12 тонна мақта орамы толықтай отқа оранған. Жүк көлігі Тәжікстан Республикасынан Түркияға бара жатқан», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Жалын сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 18:45-те сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.