Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
15 науқаста коронавирусқа тест оң, бесеуінде теріс нәтиже көрсеткен. 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:- 4 145 пациент стационарда;
- 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
- 332 адамның жағдайы ауыр;
- 85 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.