Түркияда алғаш рет «Омикрон» штамын жұқтыру дерегі тіркелді
Түркияда алғаш рет «Омикрон» штамын жұқтыру дерегі тіркелді
Сурет: www.tpg.ua
446
оқылды

Түркияда коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, – деп хабарлайды "Хабар-24" арнасы. 

Инфекцияның бір жағдайы Ыстамбұлда, ал қалған бесеуі Измирдің Батыс провинциясында тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа штамды жұқтырғандардың ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Себебі «Омикрон» алдыңғы штамдармен салыстырғанда әлсіз болып келеді, сондықтан науқастар ешқандай проблемаларсыз амбулаториялық бақылауға алынды.
«Азаматтарымыз тек сақтық шараларын одан әрі жалғастыруы керек», – деп атап Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин кожа.
Соңғы тәулікте Түркияда 19 255 адам коронавируспен ауырып, 191 адам қайтыс болды. Covid-19 пандемиясы басталғаннан бері елде 9 миллионнан астам азамат бұл дертке шалдықты.