Жол апатынан 54 адам көз жұмды
Жол апатынан 54 адам көз жұмды
521
оқылды

Мексиканың оңтүстігінде жүк көлігі қатысқан жол апаты салдарынан 54 адам мерт болды. Тағы 105 адам жарақат алған, – деп хабарлайды КТК арнасы

Жол-көлік оқиғасы 9 желтоқсанда елдің оңтүстігіндегі Чьяпс штатында болған. Қауіпті бұрылыста жоғары жылдамдықпен келе жатқан тіркемесі бар жүк көлігі жол қоршауына соғылып аударылған. Тіркемеде Латын Америкасынан келе жатқан 100-ден аса мигрант болды. Олардың басым бөлігі – Гватемала мен Гондурас елінің азаматтары. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар. Штат губернаторы Рутилио Эскадон оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүретінін мәлімдеді. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету туралы бұйрық берді. Қайғылы оқиғадан кейін Гватемала президенті Алехандро Джамматеи көңіл айтып, марқұмдардың денесі мен жарақат алған азаматтарды елге қайтаруда көмек көрсетілетінін айтты.