Қапшағайда із-түссіз жоғалған Қытай азаматының денесі табылды
Қапшағайда із-түссіз жоғалған Қытай азаматының денесі табылды
Коллаж: Stan.kz
403
оқылды

Қапшағайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды. Ол соңғы рет туыстарымен қараша айының соңында байланысқа шыққан. 

Qapshagay парақшасында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланды.
"ҚХР азаматының денесін 11 желтоқсанда демалыс орындарының бірі – "Заря Қапшағай" саяжай қоғамының жанында табылды. Өлімнің себебін тергеу анықтайды" делінген хабарламада.
1970 жылы туған Қытай азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған. Ол 27 қарашада туыстарымен байланысын тоқтатқан соң оған іздеу жарияланды. Ер адамды іздеуге еріктілер көмектесті.