Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қоқыс үйіндісінің маңында болған, – деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9 желтоқсан күні сағат 21:45-те Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. "Ер адам жолда отырған. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", – дейді полиция қызметкерлері. Департаменттің хабарлауынша, көлік арнайы айып тұрағына қойылған. Тексеріс жүргізіліп жатыр.