Маңғыстауда пойыз вагоны өртенді
Маңғыстауда пойыз вагоны өртенді
Фото: lada.kz
340
оқылды
Маңғыстау облысының бесінші жол айрығы ауданында вагон өртенді. Бұл туралы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Алексеев мәлімдеді, – деп хабарлайды Lada.kz сайты. Теміржол рельсінде вагонның ішкі қаптамасының өртенгені туралы хабарлама облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 12 желтоқсан күні сағат 18.12-де келіп түсті. https://www.youtube.com/watch?v=U8Tla1pSz7Q&feature=emb_title Өрт орнына Бейнеу стансасының ҚТЖ-дан бір өрт сөндіру пойызы мен 16 қызметкері жұмылдырылды.  сағат 19.00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.