Үкімет басшысы кімдердің зейнет жасы төмендетілуі мүмкін екенін айтты
Үкімет басшысы кімдердің зейнет жасы төмендетілуі мүмкін екенін айтты
Фото: ainews.kz
174
оқылды

Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қазақстан халық партиясының депутаттық сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы parlam.kz жазды.

Төтенше жағдайлар министрлігі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң аясында мына мәселелер:
  1. Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемін, сондай-ақ әскери іс-қимылдарға пара-пар жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеу;
  2. Осы салада жоғары атаққа ие құтқарушыларды азаматтық қорғаныс саласында арнаулы дәрежесі бар қызметкерлер санатына ауыстыру арқылы олардың зейнет жасын төмендету;
  3. Қызмет бабына байланысты басқа елді мекенге қоныс аударған жағдайда көтерме жәрдемақы төлеу, көшіп-қону шығынын өтеу мәселесі оңтайлы шешілуі мүмкін.
Құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту уәкілетті органдар мен Үкіметтің тұрақты бақылауында болмақ.

Бұған дейін Қарағанды облысы Абай шахтасында болған жарылыстан соң, шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі айтылған болатын.