COVID-19: бір тәулікте 13 адам қайтыс болды
COVID-19: бір тәулікте 13 адам қайтыс болды
Фото: aryba.kg
194
оқылды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 13 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

11 желтоқсанда 21 адамнан пневмония анықталды. Аурудан бір адам қайтыс болды. Оған қоса 39 адам емделіп шықты. Жалпы, былтыр 1 тамыздан бастап пневмония 83 435 адамнан анықталды. 5185 науқас қайтыс болды. Емделіп шыққаны – 75 476 адам.   [caption id="attachment_175034" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: ДСМ-нен алынды[/caption] Сондай-ақ 11 желтоқсанда коронавирустан 12 адам қайтыс болды.

Былтыр 13 наурыздан бері коронавирусқа 979 975 адам шалдықты. Емделгені – 948 757 адам, 12 864 науқас көз жұмды.