Полицейлер көлік ұрлаған әйелді ұстады
Полицейлер көлік ұрлаған әйелді ұстады
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
133
оқылды

Биыл 6 желтоқсан күні сағат 23.00 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ-не, Мұқанов көшесіндегі ауладан белгісіз біреу көлік ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, ұрыны ұстады. Жәбірленуші 47 жастағы ер адам досына қонаққа келіп, көлікті үйдің алдына қалдырған. Көп ұзамай көшелердің бірінде полицейлер іздеудегі көлікті тапты. Көлікті басқарған 26 жастағы әйел, көлікті жүргізіп көргісі келгенін айтып, кінәсін мойындады. Көлік иесіне қайтарылды.

Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.