Көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып алған жүргізуші ұсталды
Көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып алған жүргізуші ұсталды
Фото: m.123ru.net
122
оқылды

Атырау қаласында полицейлер жауапкершіліктен жалтару үшін жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін анықтады.

«Биыл жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрімен, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің түрін өзгертіп, жасырып көлiк жүргізген 20-дан астам жүргізушіні анықталды. Барлығы жауапқа тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Полиция басқармасына 64 жастағы әйел қайтыс болған күйеуінің атына айыппұл келе беретіндігі туралы шағымданды. Арыз негізінде полицейлер қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін көлігіне тағып жүрген 20 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ол қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін өзінің Ресейде тіркелген ВАЗ-21114 автокөлігіне тағып, басқарып жүрген. Тексеріс барысында 20 жастағы азаматтың тағып жүрген жалған нөмірінде барлығы 350 840 теңге болатын, 16 айыппұл бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, ол мемлекеттік көлік нөмірін тауып алған. Тергеу жүргізіліп жатыр.