10 желтоқсан күні Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Денис Теннің қоғамдық қорымен бірлесіп мәнерлеп сырғанау фестивалін өткізді. Фестиваль бағдарламасының аясында жас спортшылар, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар мен шетелдің жұлдыздары – ірі жарыстар мен түрлі турнирлердің женімпаздары өнер көрсетті.
Дүниежүзілік адам құқықтары күнін атап өту әдісі кездейсоқ тандалмаған. Өкілдік қызметкерлері адам құқығы деген соншалықты қиын дүние емес екенін көрсеткісі келеді. Ол әрбір адамға бұйыратын күнделікті қажеттілік. Фестиваль мақсаты – Дүниежүзілік мереке күнін халықтың есіне салу. Барлық адамдардың құқығы бірдей, қай мемлекетте, қай қалада тұратынын әркімнің өзіне ғана байланысты екенін түсіндіру.
– Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Біз бәріміз бір-бірімізге ұқсамаймыз, білім алуға, таза ауамен дем алуға, сүйікті ісімен айналысуға, еркін қозғалуға, отбасы құруға және балалар өсіруге деген ұмтылысымыз бізді біріктіреді. Шын мәнінде, адам құқығы сияқты күрделі болып көрінетін ұғым адамның күнделікті игіліктерге деген ұмтылысын білдіреді, – деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский өзінің алғы сөзінде.
Мәнерлеп сырғанау спорт пен өнерді, жетістікке деген ұмтылысты және кіші және үлкен жеңістердің қуанышын біріктірді. Сүйікті ісімен айналысу – нағыз бақыт. Біздің мемлекетте осы бақыт бәрімізге қол жетімді.
Денис Теннің жетістігі, оның жеңістері мен шеберлігі жүздеген қазақстандық ұлдар мен қыздарды мәнерлеп сырғанаумен айналысуға шабыттандырды. Мұндай құлшыныс әрқашан өз нәтижесін береді, өткен фестиваль оның жарқын дәлелі болды, өйткені мұзға әлі кішкентай сырғанаушылар шықты, бірақ олардың барлығы маңызды турнирлердің жеңімпаздары. Фестивальда Нұр-Сұлтан мен Өскемендегі үш мектептің спортшылары өз шеберліктерін көрсетті.
Фестиваль бағдарламасында топтық, жеке және жұптық нөмірлір болды. Спорттық ареналарда өнер көрсетуге дағдыланған сырғанаушылар үшін сауда-ойын-сауық орталығының атмосферасы ерекше болды, бірақ екі күндік жаттығу кезінде барлық спортшылар мұзға үйреніп, керемет өнер көрсетті.
Көрермендерді қазақстандық жұп Софья Лукинская мен Данил Пак әзірше таң қалдырды. Балалар-жасөспірімдер арасындағы гран-придің екі халықаралық кезеңінің қатысушылары, мұз айдынының танымал шеберлері, олар Халықаралық класс шебері Светлана Ляпинамен жаттығады. Біздің сырғанаушылар Италия чемпионатының қола жүлдегерлері Софья Кириченко мен Алесандро Пелегринимен, сондай-ақ алдағы Еуропа чемпионатының қатысушылары Екатерина Митрофанова және Владислав Касинскиймен бір жаттықтырушылар тобында айналысады.
Мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирінің қола жүлдегерлері мен ересек гран-при жеңімпаздары Ясмина Кадырова мен Иван Бальченконың өнер көрсетуі кештің жарқын аяқталуына айналды.
Мәнерлеп сырғанау – әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрі. Ол күш, кербездік, табандылық пен дарынды біріктіреді. Және бұл балалық шақтан бастау алатын ерең еңбек. Осы қасиеттерді біріктіре білгендер ғана жетістікке жете алады. Спорт адамның дініне, тіліне, түсіне, ұлтына қарай бөлінбейді. Спортта бәрі тең келеді. Ол шекараларды жояды. Спорт бірігудің маңызды күші.
Сондай-ақ, бұл күні жас суретшілердің көрмесі өтті. Шетелдік дипломаттар адам құқықтары күніне арнайы сурет салған суретшілердің жұмыстарын жоғары бағалады. Көрменің кураторы Нұр-Султан қ. Суретшілер одағының жастар бірлестігінің төрайымы, Гүлдана Жұрқабаева болды.