Партия белсенділері марапатталды
Партия белсенділері марапатталды
243
оқылды

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында партия белсенділері марапатталды.

Мерейлі мереке қарсаңында өңірімізде елеулі еңбек етіп, Елбасы мен Мемлекет басшысының стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыруда үлес қосқан белсенділерге «Халық алғысы» медалі және «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес, «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі мен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Құрмет грамотасы» табысталды.    width=   Осынау марапатты табыстаған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов партияның атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталып, барша қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.  width=– Құрметті партияластар! Елбасы белгілеген ұзақ мерзімді көшбасшылық стратегиясын тиімді жүзеге асыруға берік негіз қаланды. Біз еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашан да дайынбыз. Қазақстанның әр азаматы үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!  – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.