Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: sobaka.ru

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райына солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді.

Соның әсірінен ауа температурасы төмендеп және жауын-шашын тоқтайды. Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклон әсер етеді. Сондықтан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда солтүстік-батыс антициклоны әсерінен мұнда да ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан соққан циклон әсерінен жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін.