Алматы облысында 16 шетелдік мәжбүрлі түрде елден шығарылды
Алматы облысында 16 шетелдік мәжбүрлі түрде елден шығарылды
© azh.kz
113
оқылды
Алматы облысында 16 шетелдік мәжбүрлі түрде елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 6-12 желтоқсан аралығында Алматы облысының аумағында шетелдіктердің елде болуын бақылауды қамтамасыз етуге және криминогендік жағдайды сауықтыруға бағытталған «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Алматы облысында іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 667 құқық бұзушы анықталды. Жеке басын куәландыратын құжатсыз және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ТМД-ның 29 азаматы соттың бас бостандығын алдын ала шектеу туралы шешімдерімен қабылдау-тарату орындарына жеткізілді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон саласындағы құқықбұзушылықтары үшін 175 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 14 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.
«Көрсетілген кезеңде ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне заңсыз көші-қон ұйымдастырудың төрт дерегі тіркелді. Мәселен, Қарасай ауданының аумағында құрылыс нысанында жеке тұлғадан заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды, жұмыс беруші және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмурат Нурсеитов.
Сондай-ақ, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында оларға қатысты Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған 16 шетелдік анықталды. Аталған шетелдіктер мәжбүрлі түрде елден шығарылды.