Тәлімгер – ұстаз жағатын шырақ!
Тәлімгер – ұстаз жағатын шырақ!
Қазақ Ұлттық Университетінің Әл-Фараби кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті залында көптен күткен жаңа дилогия – танымал қазақстандық жазушы және кинодраматург Нұрлан Санжардың «Жошы – күтпеген қонақ» және «Бату - Хан» кітаптарының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан кинемотографистері Одағының мүшесі, кино және ТВ редакторы, бір қатар танымал әрі сүйікті фильмдер сценарийлерінің авторы Санжар Н.С. 70-жылдығына арналған болатын.  ұстаз Ең алдымен, қазақстандық кинокөрермен оны танымал балаларға арналған «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдағаны үшін танып, жақсы көретінін атап өту керек. Аталмыш фильм балалар қуанышына орай 1964 жылдан күні бүгінге дейін көрсетілуде. Бұл керемет, жарқын әрі мейірімді фильм Қазақстанға ең бірінші әрі ең ірі халықаралық киномарапат – Канн кинофестивалінің жастарға арналған ең үздік фильм атты арнайы сыйлығын алып берді. Дегенмен, жас актер ересек өмірде әртіс болмады, бірақ өз тағдырын кинематограф және өнермен байланыстырды. Нұрлан Санжар екі жоғарғы оқу орнын тәмамдады – педагогикалық және мәскеулік ВГИК сценарий факультеті. Ол көркем фильмдердің кәсіби сценаристі атанды. Оның «Путешествие в никуда». «Аллажар», «Ангелочек», «Оралман» және т.б. кинотуындылар сценарийлері ұлттық кино қоржынына сегіз Гран-при алып келді. Олар Орталық Азия, Еуразия кеңістігі, бүкіл Азияда үздік болып танылды, ал Германияда, мысалы, «Оралман» туындысын киносыншылар шоқтығы биік деп таныды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы журналистика факультеті деканатымен бірлесе отырып, Н.Санжар соңғы жеті жыл жазған жаңа дилогия тұсаукесерін ұйымдастырып, өткізді. Бұл эпикалық туынды қазақ мемлекеттігінің құрылып, қазақ этносының халық болып қалыптаса басталуы – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ойы бойынша болашақ мемлекет территориясының пайда болуы туралы. Кітаптар тарихи шындықты бейнелейді, романдарда Жошы хан мен оның ұлы Батудың жаңа бейнелері жасалған. Академик, профессор, тарих ғылымдарының докторы – ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев өз сөзінде Н.Санжар дилогиясын аса көркем, уақытылы және заманауи қазақ оқырманына қажетті деп атап, жоғары баға берді.  ұстаз Тұсаукесерде жазушы, кинодраматургтың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, салтанатты шара себепкерін оның журналистика факультеті Электрондық БАҚ кафедрасынан әріптестері, сондай-ақ тұсаукесердің көптеген қонақтары, оның ішінде халық әртісі, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, киноактер Нұржұман Ықтымбаев, театр және кино еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты Айдос Теміров, суретші және кинорежиссер Сәбит Құманбеков және т.б. құттықтады. Өз кезегінде Н.Санжар «Менің атым Қожа» фильмінен цитатаны келтірді. Мектеп оқу ісі бойынша меңгерушісі Рахманов жас мұғалім С.Майқановаға айтқаны: Оқушы біліммен толтыру қажет ыдыс емес, педагог жағуға міндетті шырақ. Осы сөзбен Нұрлан Санжар қатысушыларға өзінің жаңа кітаптарын ғана емес, өзінің бірінші курс оқушыларын да таныстырды. Өзі атап өткендей, қазір олар оның үміті.