Бүгін Түркістан қаласында да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы белсенділерін марапаттау іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараны партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев ашып, барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.- Өздеріңізге белгілі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі барлық аймақтарда жоғары деңгейде аталып өтілуде. Осы уақыт аралығында «Nur Otan» партиясы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, елдің дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруда ерекше үлес қосып келеді. Осыған орай партияның Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен үздік 400 нұротандық партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оның ішінде Түркістан облысынан 31 партия белсендісіне Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы табыстаған болатын. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, - деді Бейсен Дәулетұлы.
Назгүл НАЗАРБЕК